25 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы №14

253 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2015 жылғы 9 қаңтар,  Астана қаласы «Мемлекеттік мекемелердің. бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасасу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Бұйырамын: 1. «Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасасу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына («Әділет» анықтама-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 қыркүйекте жарияланған Нормативтік-қүқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9699 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасасу және ұсыну қағидаларында: «Бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және беру тәртібі» деген 5- бөлімі мынадай мазмұндағы 9-параграфпен және 95-1-тармақпен толықтырылсын: «9-параграф. Сыртқы қарыздар және байланысты гранттар бойынша деректерді республикалық бюджетті атқару жөніндегі есепте көрсету 95-1. «Үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар қаражатының түсімі мен жұмсалуы туралы деректерді жобаларды сыртқы қарыздар есебінен іске асыратын мемлекеттік мекемелер ведомствоға ұсынады және оларды ведомство есепті кезеңге түсімдер бойынша жиынтық жоспардың және міндеттемелер және төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларының бекітілген сомаларының шегінде республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерде көрсетеді. Үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар қаражаттарының түсімі мен жұмсалуы туралы деректермен бір мезгілде мемлекеттік мекемелер осы Қағидаларға 13-1-қосымшаға сәйкес кассалық шығындар мен түсімдер сомаларының жоспарлы тағайындаулардан асып кетуіне жол берілмеуін бақылау үшін ведомствоға ақпарат ұсынады.»; осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 13-1-қосымшамен толықтырылсын. ‘2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр Б.СҰЛТАНОВ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы №14 бұйрығына қосымша Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларына № 13-1 қосымша _______________жай-күйі бойынша жоба бойынша сыртқы қарыз қаражаттары игеру бойынша ақпарат Бюджеттің түрі Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Кезең: ай сайынғы Жоба № Өлшем бірлігі: мың теңге есепті кезеңнің басына қаражат қалдығы: Бюджеттік сыныптама ның коды Бюджетпен бекітілген сома, барлығы Займ есебінен түсімдер нақты Ағымдағы кезеңге қабылданған түсімдер сомасы келесі есепті кезеңге (7=3-5) есепті кезеңге жыл басынан бергі есепті кезеңге жыл басынан бергі 1 2 3 4 5 6 7 есепті кезеңнің соңына қаражат қалдығы: келесі есепті кезеңнің қаражат қалдығы: Бюджеттік сыныптаманы Н коды Бюджетпен бекітілген сома, барлығы Есепті кезеңге арналған жоспар Займ есебінен шығыстар нақты Ағымдағы кезеңге қабыл-данған шығыстар сомасы келесі есепті кезеңге арнайы шоттан (8=4-6) нақты Ағымдағы кезеңге қабыл-данған шығыстар сомасы келесі есепті кезеңге тікелей төлемдер (13=9-11) есепті кезеңге арнайы шоттан жыл басынан арнайы шоттан есепті кезеңге арнайы шоттан жыл басынан арнайы шоттан есепті кезеңге тікелей төлемдер жыл басынан тікелей төлемдер есепті кезеңге тікелей төлемдер жыл басынан тікелей төлемдер 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Мемлекеттік мекеменің басшысы/ бюджеттік ___________ _________________________________ бағдарламалар әкімшісі (қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты) Деректі құруға жауапты ___________ _________________________________ құрылымдық бөлімшенің басшысы (қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10081 болып енгізілді.